Өткен жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 160 млрд теңгеден астам сомаға жүзеге асырылды, мұнда МӘМС шеңберінде – 22,7 млрд теңге. Бұл ретте шамамен 3,7 млн пациент қамтамасыз етілді (Д-есепте тұрған барлық пациенттердің 77%).

2022 жылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Қор Бірыңғай дистрибьютормен (СК-Фармация) 140 млрд теңгеден астам сомаға фармацевтикалық қызметтердің құнын төлеу шарттарын жасасты, онда МӘМС шеңберінде – 45 млрд теңге.

Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 нозология, МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 79 нозология қамтамасыз етіледі.

Дәрі - дәрмек алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне (медбикесіне) жүгінуі тиіс. Учаскелік дәрігер / медбике науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрілік заттарды алуға рецепт жазады. Сіз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен және рецептімен емхананың дәріханасына хабарласуыңыз керек.

09.08.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу